Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  300


Автор: Рафаэль Ниязбек

ДӘРІГЕР ІНІГЕ

Кісіліктен кетіп азғаның –
Көрімді терең қазғаның.
Қатыгез болып жаудан да,
Өртеңдер, дедің, жазғанын
Телефон соғып ауданға.
 Қуат ап елден, таудан да
Жыр жазса ақын өртеніп.
Өртеңдер, дейсің, ауданға
Кеткенін тілеп ерте өліп.
Күн кешіп зәулім қалада,
Жүргем жоқ босқа бұлғақтап.
– Арғымақ туған далада,
Есектер неге жүр қаптап?!
Деп жазсам оның несі айып,
Шындықты жырға құндақтап.
Жібермекпісің мені сол үшін
Диірменге тартып ұнтақтап.
Жатқанда жұтап кең далаң,
Ел-жұрты тозып, сенделіп.
Емханаң – сенің жемханаң,
Есіріп жүрсің жемделіп.
Күншілдікпен егер ауырсаң,
Жарқыным, жазыл емделіп.
Сыртымнан бықсып күндейсің,
Қатерім бардай төндірген.
Өшікпей және жүрмейсің,
Әкеңді мен бе өлтірген.
Дәрігер деуші ем саналы,
Қоғамның дертін жазатын.
Сұм бопсың,
Жаны жаралы
Ақынның көрін қазатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу