Өлеңдер ✍️

  11.03.2022
  132


Автор: Рафаэль Ниязбек

ПІКІР ЖАЗҒЫҢ КЕЛМЕДІ КІТАБЫМА

Айдынымда жүзгенде есіл кеме,
Бұрқанбасын шымырлап сезім неге.
Димаш жайлы жазылған кітабымды
Мақтағаның, жан аға, есіңде ме?
Төбең сенің алыстан көрінгенде,
Ту көтергем қуанып көңілді елде.
Шырқырадың қашқақтап
Сол кітапқа
Пікір жазып берші деп өтінгенде.
Димаш барда кеудеңді жел кернеген,
Жақсылығың жоқ еді сен көрмеген.
Қылыштайын көзіме елестейсің
Тумысында жарқылдап сермелмеген.
 Үлкен-үлкен ақырдан жем жегелі,
Қаратқаның бұл қалай жерге мені.
Димекеңнен қашқаның емес пе, аға,
Кітапқа пікір жазғың келмегені.
Солқылдасаң сары ағаш сияқтанып,
Айың қалай туады қияқтанып.
Пікір жазғың келмеді кітабыма,
Көңіліңнен көрікті күй ақтарып.
Абажадай кең аулаң баққа айналып,
Қазығыңда тұратын ат байланып.
Пікір жазғың келмеді кітабыма,
Жүрем бе деп бір дөйге жақпай қалып.
Сатқындықтан жан қанша бақ табатын,
Уақыттың бетінде дақ қалатын.
Пікір жазып кітапқа,
Кезің еді
Димекеңнің алдында ақталатын.
Кісі болсаң жөн-жоба, жолға сенер,
Қайғырмайтын жан бар ма сорласа өнер.
Димекеңді жалғанда сатпас едің,
Бір стақындық бойыңда болмаса егер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу