Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  210


Автор: Рафаэль Ниязбек

АЛА ШАПАН

Шұғыла, нұрдан жаралып,
Күн өткен сайын жаңарып,
Ақ шапан киген кісінің
Көңілі тұрар ағарып.
Атанын жерге шөгерген,
Дүниеде мынау көнерген,
Көк шапан киген кісінің
Көсегесі көктеп көгерген.
 Басына бақыт қонғалы,
Елімнің берік қорғаны.
Жасыл шапан киген кісінің
Жайқалған жасыл орманы.
Қанында намыс тулаған,
Жұрт бар ма сауық құрмаған.
Қызыл шапан киген кісінің
Қызыл иті үрмей тұрмаған.
Өмірдің бітпей таласы,
Жыртылмады кімнің жағасы.
Қара шапан киген кісінің
Ішінде жатар қарасы.
Жүргесін өжет пішінде,
Жүрегім әлі күшінде.
Ала шапан киген кісінің
Аласы жатар ішінде.
Неге екенін білмеймін,
Атысып жүрем түсімде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу