Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  165


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕЛЕУСІЗ ЖҮРГЕН ЕРЛЕР

Қазынасын тонаған іргелі елдің,
Бағы жанбай тұра ма кірмелердің.
Қасиетін бүгінде білген бар ма,
Ел ішінде елеусіз жүрген ердің.
Талай пысық болам деп баққа қорған,
Ойда жоқта ел билеп датқа болған.
Жау төнгенде елеусіз жүрген ерлер
Жұрттан бұрын ақырып атқа қонған.
Шындықты айтсам тілімді кім кеседі,
Сайын қырдан ызалы жыр еседі.
Жау кеткен соң тағы да бағы қайтып,
Қайран ерлер елеусіз күн кешеді.
Кеш атылып өкірген жебедейін,
Әуре болма жөн айтып менен кейін.
Ұмытылған ер қанша қалың елде
Жағалауда құм көмген кемедейін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу