👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  55


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАНЖАР МЕН АҚБОЗ АТ

Жоғалтпай ерлер ажарын,
Күш-қуат жиған шыңынан.
Кавказдың өткір қанжарын
Суырам қашан қынынан?!
Ер бар ма еркін елімде
Атаның жолын қумаған.
Жүзі өткір қанжар белімде,
Астымда ақбоз тулаған.
 Басына ноқта кигенде,
Шешеннің туы құлаған.
Қолына қанжар тигенде,
Ақырып теңдік сұраған.
Алысты барлап шолғанда,
Мұратқа ылғи жететін.
Қазақтар атқа қонғанда,
Аруақтанып лезде кететін.
Жаулардың жолы кесілмей,
Күн кешем қалай жарасып.
Қанжарым белден шешілмей,
Боз атым тұрар таңасып.
Жаралған асыл тегінен,
Қырағы көзбін шынында.
Елімнің қорған – шебінен
Өте алмас ұшып шыбын да.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы