Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  87


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚЫНДЫ ТЫҢДА

Махамбет кешкен шұбар күн
Басымнан менің өткенде,
Өртенбей қалай шығармын
Өртеніп жатқан өткелде.
 Еліңді қашан ойлы еткен,
Ел билеп ердің жаманы.
Ақынды еркін сөйлеткен
Махамбет ердің заманы.
Махамбет рухым жебесең,
Тайсақтап жаудан кім қайтқан.
Дуасыз ауыз демесең,
Хан айтқан сөзді құл да айтқан.
Туындап жатар көп егес,
Суырсаң қылыш шыдамай.
Құл болған хандар жоқ емес,
Құл айтқан сөзді тыңдамай.
Алыстан іздеп жақынды,
Жығылдық талай көк мұзға.
Тыңдамай арлы ақынды,
Адасып жүрген жоқпыз ба?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу