Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  113


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАҢҒЫҒАН ОҚ

Адамзат Рухын жоқтамай,
Зулайды күндер тоқтамай.
Сұр мерген, сірә, көрдің бе,
Мылтығын жүрген оқтамай.
Пәрмені күшті кіл мықтың
Түбіне жеткен шындықтың.
Азамат ердің бірімін
Аузында жүрген мылтықтың.
 Бөрідей шулап, түнде өрген,
Көздеді қанша сұр мерген.
Елімде киллер жоқ деме
Кісі өлтіріп күн көрген.
Ойы аласа көк талдан
Әділет күтпе соттардан.
Тәңірім сақтап келеді
Сұр мерген атқан оқтардан.
Зұлымның бәрін жек көрем,
Сондықтан сұмдық кектенем.
Қаңғыған оқтан қайдағы
Өлмесем екен деп келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу