Өлеңдер ✍️

  09.03.2022
  195


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАБАҒЫНАН МҰҢ КЕТСЕ...

Қысастықтың көнбедім қандайына,
У тамызып сынаған таңдайыма.
Алматыға шыдамай жол тартқанмын,
Арманымның жармасып шалғайына.
Кеудемде арман бүр жарып көктегенде,
Өмір барын сезінгем отты өлеңде.
Ауылымда жүрер ем қозы бағып,
Мені тілдеп біреулер сөкпегенде.
Көңілімнің неге де хошы қанып,
Ауылымда жүргенде қозы бағып,
Жұрт назарын өзіме аударам ба,
Жұлдыздайын құйрықты созыла ағып.
Алматыға асығып жеткенімде,
Жанған еді бір жұлдыз текті елімде.
Сиыр қоғам мүйіздеп,
Күндер қанша
Шығып қала жаздаған шетке мүлде.
Бұл қоғамда бір-бірін түртпектеген
Күншіл көп те бүр жарып кім көктеген.
Түтін жұтқан қалада ақын қанша
Қабағының астынан мұң кетпеген.
Мұң кетсе егер ақынның қабағынан,
 Өлең тумай дұшпанға таба қылған.
Қабағынан мұң кетсе,
Айырылған
Қызыл бидай секілді сабағынан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу