Өлеңдер ✍️

  08.03.2022
  84


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұға білдім

Мен сенің біліміңе қарамадым,
Мен сені жетім деп те санамадым.
Ал, сенің келбетіңе жер бетінде
Ешкімді тең екен деп баламадым.
Мен сенің байлығыңа қарамадым,
Мен сенің айлығыңды санамадым.
Ал, бірақ, жүрегіңнің соншалықты
Мейірлі екендігін бағаладым.
Сен мені қолдағанда, өсе білдім,
Сен мені қорласаң да, төзе білдім.
Жанымды қаншалықты қинасаң да,
Мені іштей қимасыңды сезе білдім.
Кейбір сәт құрышын жеп құлағымның,
Мінсең де мінезіңе, бұға білдім.
Нөсерлі найзағайдай ашуыңның
Артынша-ақ ашыларын ұға білдім.
Шегіне жткізсең де шыдамымның,
Қасқайып қас батырдай тұра білдім.
Темірдей төзімімнің арқасында
Шыңдағы шынарыма шыға білдім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу