Өлеңдер ✍️

  08.03.2022
  116


Автор: Абдрахман Асылбек

Барлық бақыт сенің балғын басыңда

Барлық бақыт сенің балғын басыңда,
Барлық шабыт сенің шалғын шашыңда.
Сол заматта кәйіп болып қаламын,
Бір иіскесем бірге отырып қасыңда.
Бәрінен де төсің сенің биік тұр,
Бәрі-бәрі бір кеудеңе сиып тұр.
Менен артық бақытты жан болмайды,
Сол төсіңнен алған кезде сүйіп бір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу