Өлеңдер ✍️

  08.03.2022
  113


Автор: Абдрахман Асылбек

Тәңірге сенгенімнен

Тәңірге сенгенімнен,
Өрекпіп өр көңілмен,
Өлердей ғашық болдым,
Өзіңді көрген күннен.
Жанарың мөлдіреді,
Жараттың сен біреуді.
Қарай ма сірә саған,
Ұнатса ол біреуді?
Жаныңды түсінгеннен,
Сан рет кішірген ем.
Ол үшін мүсәпір ең,
Мен үшін ісінгенмен.
Сен мені менсінбедің,
Өзіңе теңсінбедің.
Өртеді өзегімді
Өзгеден кемсінгенің.
Отыңа күйетінмін,
Бәрібір сүйетінмін.
Түбі бір түзелерін
Түсінгем ниетіңнің.
Өшпейді үміт асыл,
Сен қашан жылытасың?
Өзіңді сүймес жанды
Қай күні ұмытасың?


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу