Өлеңдер ✍️

  07.03.2022
  122


Автор: Абдрахман Асылбек

Туған жер

Туған жер, мен-дағы бір түлегіңмін,
Тулаған тұла бойда тілегім мың.
Алыстан асығыстап келген сайын,
Жылуын жарып бердің жүрегіңнің.
Туған жер, сен болмасаң түлер ме едім?
Жадырап жаз күніндей күлер ме едім?
Қиянға қыран болып қанат қақпай,
Қасиет, қадіріңді білер ме едім?
Туған жер, сен болмасаң, не етер едім?
Табаным тасқа тимей кетер едім.
Сүрінсем, сүйенішім – аскар тау боп,
Асудан асуларға жетеледің.
Туған жер, сен болмасаң қайтер едім?
Тек сенен табылады қай керегім.
Таратып тамырымды тереңіңе,
Болармын бекіп бір күн бәйтерегің.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу