Өлеңдер ✍️

  07.03.2022
  126


Автор: Абдрахман Асылбек

Сыпайылық, сынықтық, әдептілік

Сыпайылық, сынықтық, әдептілік –
Сымбатыңа сыйымды әдет-қылық.
Сан жігітті сыртыңнан сүзілдіріп,
Сан жігітті қойдың сен дәметтіріп.
Сыңғырауың сырнайдай әлет күліп, –
Сымбатыңа сынымды әдет-қылық.
Сан жігітті сыртыңнан үзілдіріп,
Сан жігітті қойдың сен әлек қылып.
Суымайтын, сөнбейтін әдепкі үміт –
Сымбатыңа сыйымды әдет-қылық.
Сан жігітті сыртыңнан сызылдырып,
Сан жігітті қойдың сен әлек қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу