Өлеңдер ✍️

  07.03.2022
  95


Автор: Абдрахман Асылбек

Еркетай өскен елік пе ең?

Еркетай өскен елік пе ең?
Көктеммен қатар келіп пе ең?
Айрықша артық көрікпен
Айырдың мені еріктен.
Бауырын жазған биікте
Қияда көрген киік пе ең?
Жанымды желпіп иіткен,
Қарағым, неткен сүйікті ең!
Самала сағым көтерген
Бұлдырап аққан бөкен бе ең?
Армандан мәңгі өтер ме ем?
Құлан боп қуып кетер ме ем?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу