Өлеңдер ✍️

  05.03.2022
  144


Автор: Абдрахман Асылбек

Сұлулар

О, сұлулар, сұлулар,
Жүздеріңде жылу бар.
Күлкілерің құдірет –
Көңілді тез бұру бар.
Айлы түнде аулақта
Тал түбінде тұру бар.
Ет жүрегің елжіреп,
Үнсіз ғана күлу бар.
Жыл мезгілі жеткенде,
Қызық дәурен құру бар.
Менде мұның бірі жоқ,
Іштен жанып, тыну бар.
Өзегімді өртеген
Жалғыз ғана сұлу бар.
Бәріңнен де ол сымбатты,
О, сұлулар, сұлулар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу