Өлеңдер ✍️

  05.03.2022
  116


Автор: Абдрахман Асылбек

Абайдың ізімен

Мен жазбаймын өлеңді түйілгеннен,
Уытты сөз шығады күйінгеннен.
Қыран бүркіт секілді қайқаң етіп,
Шарықтаймын шағымда күйім келген.
Мен жазбаймын өлеңді тасынғаннан,
Жан сырымды ақтарам ашынғаннан.
Өледі екен өлгендер өкініште,
Бойындағы ауруын жасырғаннан.
Мен жазбаймын өлеңді жетіскеннен,
Шымбайына батырам шекіскеннеп.
Туыс тұтып турашыл танымасты,
Ағайыннан әлжуаз кетіскем мен.
Мен жазбаймын өлеңді еріккеннен,
Ақын сөзі ақылға ерік берген.
Төзбейді ол қиянат, жалғандыққа,
Тек шындықпен өмірге көрік берген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу