Өлеңдер ✍️

  05.03.2022
  146


Автор: Абдрахман Асылбек

Көкіректі кернеген үмітпенен

Көкіректі кернеген үмітпенен
Күліп келем, тоқтаусыз жүріп келем.
Күндерім көп қалатын сүлдерім тек,
Қармағыма шабақ та ілікпеген.
Көкіректі кернеген үмітпенен
Келер күнге көзімді тігіп келем.
Көрсетпейді кейде анық қарауылды,
Көлегейлеп көгімді бұлт деген.
Көкіректі кернеген үмітпенен,
Күтіп тұрған бір той бар, біліп келем.
Кейде кірбің шалады қабағымды,
Көлденеңдеп алдымнан күдік деген.
Көкіректі кернеген үмітпенен
Күліп келем, тоқтаусыз жүріп келем,
Күндер артқан сенімге кіріп келем,
Күдік деген сұмдықты түріп келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу