Өлеңдер ✍️

  04.03.2022
  104


Автор: Абдрахман Асылбек

Ұқсату

Көктемгі құлпырған егінді
Көрікті күй беріп далаға, –
Жарысып ойнаған көңілді
Ұқсатам балдырған балаға.
Жаздағы жайқалған егінді,
Толғанда масағы дән ала, –
Өзінше бастаған өмірді
Ұқсатам ақылшы ағаға.
Күздегі сарғайған егінді,
Піскенде құйылып сабаға,–
Байлыққа бөлеген елімді
Ұқсатам байсалды бабаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу