Өлеңдер ✍️

  04.03.2022
  91


Автор: Абдрахман Асылбек

Ақынға

Емес бұл саған менің жағынуым,
Немесе тәңір тұтып табынуым,
Түсіне біле-білген адам болса,
Ағынан ақтарылып жарылуым.
Көтеріп жыр отаудың керегесін,
Ұқтырдың өлең жазу өнегесін.
Көргендей болдым қайта ғасырдан соң
Абайдың нағыз ақын немересін.
Шырқатқан шың биікке қанат қылып,
Сендегі барлық дарын – талаптылық.
Осынау қасиетіңді аңғарамын,
Жалынды жырларыңа қарап тұрып.
Аралап ақыл менен ой орманын,
Ақтардың әр жүректің ой-арманын.
Халық боп қамықтың да, қуандың да,
Жоғары өз мүддеңді қоя алмадың.
Бес жасар балақай мен кәрі атайым –
Жатқа айтты өлеңіңді бар ағайын.
Сондықтан, сенің жырық құдіретті,
Сондықтан, сенің жырық қарапайым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу