Өлеңдер ✍️

  04.03.2022
  110


Автор: Абдрахман Асылбек

Ей, аға, мені текке жек көресің

Ей, аға, мені текке жек көресің,
Көрінген жерде жаман деп келесің.
Өзіңнің болмағанмен аталасың,
Баланың қайдан білдің текті емесін?
Жалбақтап жан біткенге жағынбадым,
Тура айтып туғаныма, жалындадым.
Сондықтан, сүйкімсізбін сенің үшін,
Көздеген көкейіңнен табылмадым.
Алдыңда айылымды жинағаным –
Аға деп ол өзіңді сыйлағаным.
Шегі бар шыдамның да шарт ететін,
Ағажан, бұдан артық қинамағын.
Мен сенен тілемеймін артық баға,
Қисынсыз көтермелеп шалқытпа да.
Қиялап көтеріліп келе жатсам,
Тек қана етегімнен тартып қалма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу