Өлеңдер ✍️

  04.03.2022
  121


Автор: Абдрахман Асылбек

Болмаса егер жанашыр сүйенішің

Болмаса егер жанашыр сүйенішің,
Түрткі көріп әр жерде-ақ күйеді ішің.
Әлін білмес әлек деп әжуа етер,
Жасай қалсаң жөнсізге жүйелі сын.
Түбі бірақ табылып сүйенішің,
Кеңи түсер кең жайлау күй-өрісің.
Жауыздықтың жығылып, бақас басын
Әділдіктің алдында иері шын.
Ондай кезде өзің де киелісің,
Киелі ұлын қашанда ел сүйеді шын.
Ер еңсесін көтеріп, еркелеткен
Ерен еңбек – ең мықты сүйенішің.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу