Өлеңдер ✍️

  04.03.2022
  140


Автор: Абдрахман Асылбек

Мен кеше қара жұмыс істемедім

Мен кеше қара жұмыс істемедім,
Тәбет жоқ – қара нанды тістемедім.
Керенау көтеріліп төсегімнен,
Талықсып әрең жетті түске демім.
Мен кеше қара жұмыс істемедім,
Өзімді өзім зорлап күштемедім
Күн-дағы батпай қойды ұясына,
Жарылып кете жаздап іш дегенің.
Мен бүгін қара жұмыс істеп едім,
Малынып қара терге түскен едім.
Жұқ болып жұмырыма сіңе берді
Кешегі тоқпейілсіп ішпегенім.
Мен бүгін қара жұмыс істеп едім,
Тулады тұла бойда күш дегенің.
Көрініп кең дүние жайма-шуақ,
Кеудемнен канаттанып ұшты өлеңім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу