Өлеңдер ✍️

  04.03.2022
  122


Автор: Абдрахман Асылбек

Кісінің аттамаған ала жібін

Кісінің аттамаған ала жібін,
Момақан ұлы жүздің баласымын.
Іні деп келген жанның інісімін,
Аға деп таныр болса, ағасымын.
Алдыңда ақтарылған бар асылым,
Қазақтың кең пейілді баласымын.
Қысылма, қымтырылма, қалауыңды айт,
Өзіңе бересімін, аласымын.
Жетісу жеті өзеннің саласымын,
Тікелей таныр болсаң –Таласымын.
Аралап ағып келем әлі күнге,
Сіңіріп санама мол дала сырын.
Адамның керек емес аласының
Топ-топ боп тартысатын таласының.
Отырсақ өрімдей боп, бөлінбей көп,
Жырымыз таппайды ма жарасымын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу