Өлеңдер ✍️

  04.03.2022
  186


Автор: Рафаэль Ниязбек

ӨЛМЕСЕМ ЕКЕН ДЕП КЕЛЕМ

Орыстың жүрген жолымен
Жүреді қай жұрт бүгінде.
Қылқындырып қанды қолымен,
Өлтіретін солар түбінде.
Жын ойнап суық көзінде,
Баянсыз ғұмыр жүр кешіп.
Тұра ма сертті сөзінде,
Сайтанға жүрсе мінгесіп.
Қасына жақын жолаған,
Тас шайнап, құмға қақалған.
Байлығын жұрттың тонаған
Ұлығы ұры атанған.
Өсіріп сұсты сұрмерген,
Құзырлы жанды құзға асып,
Ұсқыны кетіп үлгерген
Көрінген елмен ұстасып.
Қалмасын арқаң осылып,
Орыс көп әлі еліңде.
Бұралқы иттер жосылып
Жүретін тойған жерінде.
Жайқалған қамыс, құрақ та,
Өзінің өскен жерінде.
Орыспен дос бол,
 Бірақ та
Айбалтаң жүрсін беліңде.
Солардың жүрген жеріне
Шөп шықпай тегіс қуарған.
Туғасын тартып тегіне,
Егінін қанмен суарған.
Алланы жаны қаламай,
Арақты ғана ұнатқан.
Кісіні көрсе жаны арай,
Көзімен көздеп құлатқан.
Ұлысты ертіп қаншама,
Азғындық жолға бастаған
Орысты ойлап шаршама,
Бағыңды байлап жасқаған.
Алланың әділ жолымен
Жүргендер жаза баспаған.
Ақиқат, ардың қолымен
Кімдердің бағын ашпаған.
Ішінде жүріп азаптың,
Не теңің деме сөз қуған.
Ұлылары қанша қазақтың
Мәскеуге барып көз жұмған.
Ұшаққа мініп барса да,
Табытқа мініп қайтатын.
Суырып жанын алса да,
Шындықты кім бар айтатын?!
 Алланың әділ жолынан
Тайғанды мүлдем жек көрем.
Орыстың қанды қолынан
Өлмесем екен деп келем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу