Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  117


Автор: Абдрахман Асылбек

Дилбарым

Он мың емес, бір жаным,
Бір жанымды сүй, жаным.
Қатты қондың көңілге,
Өзің ойлап-біл, жаным.
Іске аса ма тілегім,
О, Дилбарым, Дилбарым?
Үкі білер түн жайын,
Бұлбұл білер гүл жайын.
Жүрмін толық түсінбей
Жүрегіңде кім барын?
Айта қойшы жасырмай,
О, Дилбарым, Дилбарым?
Көктен төксе күн жалын,
Сенің көзің шын жалын.
Ортасында екі оттың
Күйіп кетті бір жаным.
Не десең де ырзамын,
О, Дилбарым, Дилбарым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу