Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  232


Автор: Абдрахман Асылбек

Айсұлу

Айсұлу,
Айдай сұлу ақ реңді,
Күніне қырық құбылған лағыл өңді.
Сырнайдай сыңғырлаған үніңді естіп,
Жанғандай болды жастық бағым енді.
Айсұлу,
Айдай болып жаралдың да,
Әлемге ақ нұр болып таралдың ба?
Сүйкімді, сірә, сендей болар ма екен
Монтаны ерке лағы маралдың да?
Айсұлу –
Сиқыр сымбат, келіскен өң,
Әлде бір ақ сағымдай періште ме ең?
Айрықша жаратылған ай жүзіңе
Телмірмей өткен жанды кеміс дер ем.
Айсұлу,
Әрбір сөзің – ақылдылық,
Бойыңда қанша кербез жатыр қылық.
Желпінтіп, желіктіріп желөкпені,
Еріксіз жібересің ақын қылып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу