Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  116


Автор: Абдрахман Асылбек

Түсіме көр кіресің

Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Ерекше сыңғыр қағып, көп күлесің.
Алыстан алаулаған арманым-ай,
Қаншама қиялдаған өтті кешім?
Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Ерніңді ерке желге өптіресің.
Сарғайып сағыныштың саздарымен,
Қызықты күндеріме кетті үлесім.
Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Махаббат мұңлы күйін шерттіресің.
Аққулар айдын көлде гәккулесе,
Лүпілі жүрегімнің деп білерсің.
Баянды бақытымның белгісі ме?
Сағынтып көп кіресің сен түсіме.
Ояна келсем, жаным, жоқ боласың,
Алмаймын бұл жұмбаққа мен түсіне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу