Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  123


Автор: Абдрахман Асылбек

Қабақты қату түйіп тым

Қабақты қату түйіп тым,
Отырдың шетте тұйық тым.
Әлде бір жаннан опық жеп,
Таттың ба уын күйіктің?
Сырыңды іште сақтадың,
Ойыңды ешбір таппадым.
Сұраған едім атыңды,
Күлдің де қойдың, айтпадың.
Шешіліп бір тіл қатпадың,
Қайталап мен де батпадым.
Орала берді бір күдік:
«Қай мінезімнен жақпадым?»
Отырған болсаң жан арып,
Не ақым бар сонша қадалып?
Қолымнан келсе бір көмек,
Көрсетпек едім ағалық.
Қайтейін, қалқам, ұқпадың,
Қинады көңіл жыққаның.
Тоқталып қалды тасымай,
Толқындап келген мықты ағын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу