Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  143


Автор: Абдрахман Асылбек

Кешіккен көктем

Бұл аспанның түбі түсіп кеткен бе?
Жете алмайа-ақ қойдым сұлу көктемге.
Жапалақ қар жауады кеп, жауады,
Қызғалдақтар құлпыратын көк белде.
Тұрса көкте күлім қағып күн шығып,
Талдар тонын тастар еді, бүр шығып.
Жатып алды құрсауланып қалың қар,
Тысқа шыққым келеді-ақ бір құлшынып.
Әр нәрсенің өз орыны болмас па?
Көктем келіп, көңіл күйге толмас па?
Табан асты тайғақтамай мұздақпен,
Жарқырап бір жатпас па еді жол қасқа?
Жылдағы бір мезгілінен кесікті,
Бірақ, бірақ, көктем неге кешікті?
Келді ме деп қалқашымнан бір хабар,
Елеңдеймін қақса біреу есікті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу