Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  95


Автор: Абдрахман Асылбек

Қыз көктем

Қыз көктем бойын түзеген,
Иісі жұпар бар алап.
Шалғынды кешіп тізеден,
Келеміз қырды аралап.
Қалайша қарап тұрасың,
Гүл тере барып тегінде?
Талғамай бәрін жұласың
Алқызыл, сары, көгін де.
Мен, бірақ, қалың дабырмен
Үзбеймін, тіпті үзбеймін.
Сарғая күтіп сабырмен,
Ерекше бірін іздеймін.
Ол гүлім менің ұзарып,
Ақынның өлмес жырындай,
Көңілде көктеп, қызарып,
Тұрса екен деймін жұлынбай.
Кете алмай ұзап қасынан,
Қиылып тұрып қараймын.
Арманым болып ашылған
Сол гүлге сені балаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу