Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  167


Автор: Абдрахман Асылбек

Қырманда

Шабыт берген, дем берген,
Қырман басы көңілді.
Көргендеймін сол жерден
Аралап бар өңірді.
Сүйіктім бар, өйткені,
Сол қырманның басында.
Көңілдің жоқ көктемі,
Ол болмаса қасымда.
Алаңдайды артқа кім,
Алда тұрса арманы?
Арқамдағы қаптардың
Сезілмейді салмағы.
Шабыт алып, нәр алып,
Қимылдаймын бір талмай.
Қыз үнемі қадалып,
Маған қарап тұрғандай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу