Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  159


Автор: Абдрахман Асылбек

Қиын екен

Қиын екен қызы бар
Жақындығы қапаның.
Көзің оттай қызығар,
Сол болады баққаның.
Отыра алмай үйде сәт,
Жүз шығасың, жүз кіріп.
Сені күтіп күйде шат,
Тұрғандай сол қыз күліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу