Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  124


Автор: Абдрахман Асылбек

Альбомға

Алдыңдағы альбомым –
Көзді тартпақ көктемім.
Жатыр сонда бар жолым,
Көрсең ашып беттерін.
Мейлі, таны, таныма,
Бәрі жақын жаныма.
Туысым да, досым да,
Жан жарым да осында –
Өлмес өмір өлеңім.
Ашқан сайын жаңарып,
Шабыт алып, нәр алып,
Күнде қарап келемін.
Көбін кәзір көз көрмес,
Альбом, бірақ, өзгермес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу