Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  117


Автор: Абдрахман Асылбек

Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен

Өзіңді алғаш көргенде сол күні мен,
Алаулаған сезімнің толқынымен
Көбелектей көлбеңдеп көз алдыңда,
Он отырып, орнымнан он тұрып ем.
Бір өзгеріс өңімнен байқадың ба?
Шабытымды шалқыттың шайқадың да.
Арманымды алдыңда ақтара алмай,
Қала бердім қиылып қайтарыңда.
Ақтарыла алмадым ар алдында,
Ар алдында – ақ көңіл жар алдында.
Жалын тастап жаныма кете бердің,
Тотыдайын құбылып тарандың да.
Сөндіре алмай сезімді сонда күшпен,
Тыпырладым торғайдай торға түскен.
Асау жүрек алқынды аңсауменен,
Алданыш па ең?
Әлде шын қорғаныш па ең?
Бір құдірет ақыры алып шықты,
Алып шықты – қоршауды жарып шықты.
Алдыңа кеп құладым толқын болып,
Тағатым да талмаурап талықсыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу