Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  128


Автор: Абдрахман Асылбек

Еліту

Кел, құрбым, қыр басынан гүл терейік,
Гүл шоғын жібек желмен күлтелейік.
Аралап Алатаудың атырабын,
Жас қайың жапыраған бүркенейік.
Жалбызды жасыл желек жастанайық,
Жұпарын жұтайық та, мас болайық.
Жатайық өң мен түстің арасында,
Лезде бір кеткен кезде қас қарайып.
Тұрайық содан кейін балбырап бір,
Қызулы құшақтарда албырап гүл.
Махаббат масайратқан мәңгі бақ бұл,
Жырласын бар табиғат ән құрап бір.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу