Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  118


Автор: Абдрахман Асылбек

Құлпырып тау бөктері

Құлпырып тау бөктері,
Келді өмірдің көктемі.
Көп қарадым сен бе деп,
Қарлығашқа көктегі.
Бөлеп сәнді сазына,
Келді өмірдің жазы да.
Көп қарадым сен бе деп,
Көлдің аққу, қазына.
Сезсем-дағы күз лебін,
Үмітімді үзбедім.
Бұрымыңа баладым
Тырналардың тізбегін.
Күз де өтер, қыс келер,
Әлем әппақ түске енер.
Еске салып өзіңді,
Әлі талай құс келер.
Қалқам, келіп қайтсаңшы,
Жан сырымды байытсаңшы.
Өзің келе алмасаң,
Құстан сәлем айтсаңшы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу