Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  158


Автор: Абдрахман Асылбек

Дәрігерді сүйдім мен

(Әзіл)

Дәрігерді сүйдім мен –
Дертті болсам емдер деп,
Мінім болса жөндер деп.
Ұсынғанда қол бер деп,
Қысылғанда дем бер деп.
Сөйтсем, өзі паң екен,
Берері тек дәрі екен.
Дәрігерді сүйдім мен –
Дертті болсам жазар деп,
Денсаулығым базар деп,
Аудара гөр назар деп,
Сенсіз жаным азар деп.
Сөйтсем, беті әрі екен,
Берері тек дәрі екен.
Дәрігерді сүйдім мен –
Жанға түскен жара үшін,
Айтып жүрек арызын,
Түсінбеді мәнісін,
Ұсынды тек дәрісін.
Сөйтсем, байы бар екен,
Берері тек дәрі екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу