Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  95


Автор: Абдрахман Асылбек

Білдің бе?

Аспанда жұлдызға баладым,
Қиыла жүзіңе қарадым,
Сенен Ай жуық деп санадым,
Білдің бе, қарағым?
Жанды жеп, жауын ап жанардың,
Ерекше сұлу боп жаралдың,
Күн сайын құлпыра тарандың,
Білдің бе, қарағым?
Айдай боп ашыла қабағың,
Сен-дағы қиыла қарадың,
Жаныма жақсы үміт қаладың,
Білдің бе, қарағым?
Жаныңа жақындап бара алдым,
Өптім де, ерніңнен бал алдым,
Өмірлік өшпейтін нәр алдым,
Білдің бе, қарағым?


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу