Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  98


Автор: Абдрахман Асылбек

Тап баса алмай тілегіңді түптегі

Тап баса алмай тілегіңді түптегі,
Көңілім бір көптен бері күпті еді.
Табыстық біз бара жатып үйіне,
Жан құрбыңның жолы неткен құтты еді?
Көңілдердің кірбіңі тез шайылды,
Жарқын жаның дастарқан боп жайылды.
Шаттық күлкің жарқыратып жіберді
Аспандағы күнім менен айымды.
Қаншалықты кезсем-дағы жыр елін,
Бақытыма жолыға алмай жүр едім.
Кесілгендей аяқтағы тұсауым,
Емін-еркін көсіліп бір түледім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу