Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  104


Автор: Абдрахман Асылбек

Иманды ұл Иманғали

Атыңнан айналайын, Иманғали,
Жаралған жан екенсің иман дари.
Бір аудан болып қалар Алматыда,
Өнерлі адамдарға сыйланған үй.
Өнерлі өрендерді құрметтейсің,
Еркелеп ел алдында жүрмек дейсің.
Жігітсің жайма-шуақ жаны жайсаң,
Келгенде қызметке бір беткейсің.
Жібіткен жүректерді үнің қандай,
Сөйлесең – сөзің сұлу, тілің балдай.
Тарихын қазағымның терең білген
Өзіңдей көп болса екен ұлым нардай.
Белгілі қаламызға дем бергенің,
Өзгерді кереметтей сен келгелі.
Бастадың ең әуелі көшелерден –
Нұр құйды көңілдерге өң бергенің.
Бұзылып мәні кеткен сәнсіз үйлер,
Салынды орнына әппақ сансыз үйлер.
Қаншама қазақтарым пәтерлі боп,
Тойлады шаңырақта шалқып күйлер.
Қазағым өз жерінде тұра алмаса,
Сайрандап сауық-сайран құра алмаса,
Қалайша қазақпын деп айта алады,
Тиісті бір пәтерге кіре алмаса?
Өзіңді қала Пірі санаймын да,
Қызығам мен соларға қараймын да.
Жасай бер айналайын, Иманғали,
Бөлентіп Алматыны арай-нұрға.
Жаралған жан екенсің ойы биік,
Көрермен көзге де әсем, бойы биік.
Қаншама жолайрығын іске қостың,
Келеңсіз қималарды ойып, иіп.
Көл-көсір кең пейілді мырза адам –
Алматы тұрғындары ырза саған.
Көңілді әрбір күнін жылға балап,
Лұқпан да игі ісімен мың жасаған.
Әр ана анаңдай боп жаратылса,
Тап сендей тусын-дағы бала туса.
Ерекше ел тілегі бір өзіңде,
Аяулы армандармен таң атырса.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу