Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  269


Автор: Қасым Аманжолов

Альбомға

Жапанда жалғыз бейіттей
Жолаушыға ой салған.
Көңілсіз жырым бір беттей
Көзіңді тартсын нұр тамған.
Көп жылдар өтер,оқырсың,
Ғашығың болған жас қыршын
Ақынды еске ап толқырсың.
Ұқ сонда оны өлген деп,
Жүрегін мұнда көмген деп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу