Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  300


Автор: Қасым Аманжолов

Романс

Сұлулығын асырам деп
Кім таласар сенімен?
Теңіздегі күй естілед
Сенің нәзік үніңнен.
Алыстағы океанда,
Естілгендей,күй тұманда,
Толқын сүйіп ескен желдей,
Тәтті ұйқыда өтер тербей.
Түн ортасы болғанда,айСуға сүңгіп шомылар,
Ұйқыдағы жас баладай
Теңіз жайлап дем алар.
Сонда жанды қиял кернеп,
Сұлу сымбат демді тербеп,
Жанға тиіп сенен әсер,
Көңілдегі толқын өсер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу