Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  175


Автор: Қасым Аманжолов

Марш

В.В.Маяковский
Марш
Шықты еліріп
Сұм буржуйлар,
Қолын созып
Аспан көкке,
Жинал,жолдас,
Пролетарлар,
Отырыңдар
Самолетке?
Шегін кері,жаулар арсыз!
Жұмысшы мен шаруалардың
Елі ұшырған сұңқарлармыз!
Атты әскерлер өтпес жерден,
Табан тимес,
Қиын белден,
Қуған талай
Жау құзғынын,
Ер қанатты
Туғызды ұлын.
Алға
Бұйра бұлтты жарып!
Жарқылдатып,
Қанат қағып,
Ұшамыз біз
Одан ары,
Жұмысшы мен шаруалардың
Елі өсірген
Ұшқыштары.
Қанмен аршып,
Жолдар ашып,
Сынас жаумен,
Сынсын сағы:
Жеті қат көк
Аспан асып,
Орнатыңдар
Коммунаны!
Арасында жұлдыздардың
Желкілдесін жалауымыз!
Үкіметін жұмысшының
Өркендету талабымыз.
Жұмысшы мен шаруалардың
Біз құстары-ұшқыштары!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу