Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  130


Автор: Қасым Аманжолов

Ақынға

(Шиллерді еске түсіру)
Қайдасыңдар жыршысы махаббаттың,
Бостандық пен татулық,ерлік даңқтың?
«Қан мен қанжар»ғасыры!Жендетті-ер деп,
Жер төріне банкирді тағы орнаттың!
«Ғасырға ақын қажетсіз»-дейді бұл жұрт,
Ақын да жоқ...Жыр тәңір болды жым-жырт...
О,кім енді түсірер жан есіне
Оның ұлы рухын,қалар ма ұмыт?
Кешір дағы күнасын соқырлардың
Қайт өмірге,шабытты жыршы ұланым.
Мегзеген жұрт үстінде қайта жансын,
Арам қолдар өшірген шам-шырағың.
Нажағайын аспанның сен қару ет!
Біздің мең-зең рухты жоғары өрлет.
Езгілік пен сұлулық сипаттарын,
Сонда ғана адамзат шындап көрмек.
Махаббаттан,достықтан елді азғырған,
Күштеп көрнеу араздық жолға салған
Опасыз сұм жауыздың атын өшір,
Жазала сұм жендетті күнәланған.
Бұл әлемнің сезімін,езгі ісін.
Келістіре көркейтер жалғыз сенсің.
Кеудең сенің махаббат,шындық төрі,
Ұлы өнерпаз қуғынды көп көргенсің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу