Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  198


Автор: Қасым Аманжолов

Сұрқия жыл

Н.А.Некрасов
Сұрқия жыл
Сұрқия жыл!У-шу етіп газетті,
Қырғын-сүргін сұмдық тағы кеп жетті.
Қан ағызу,кісі өлтіру ниеті
Ақырында мені әбден қажытты.
О,махаббат!Қайда сенің бар күшің?
Ақыл-сана!Қайда еңбегің.Жемісің?!
Жауыздық пен зомбылық той тойлап тұр,
Үстем етіп оқ пен найза,қылышын.
Мына сұм жыл,соғыс,жанжал ұрығынЕкпек біздің ұрпаққа да күн бұрын,
Жиһанда жоқ жан саясы тыныштық үн,
Махаббат та,бостандық та жоқ бүгін.
Қайда болса кекті араздық,қорқақтықСонда халық қанға жүзіп жүр малтып.
Көк күрсініп,уһілейді дүние;
Жалғыз-ақ сен,бақыт қызы әулиеПоэзия,үндемейсің тіл қатып.
Амал қанша,даусың бүгін болды әлсіз!
Қаларсың сен болып жұртқа ұнамсыз,
Қараңғыда ағып түскен жұлдыздай,
Не жапанда солған гүлдей құнарсыз.
Аулақ,аулақ!Кесапатты шүбәлар,
Қалай сендер ойға келіп қалдыңдар?
Білемін құп,поэзияны ардақтар
Әлде болса талай отты жүрек бар!
Туғанда олар,тұр еді атып нажағай,
Сол нажағай қан ағызды дариядай,
Ол сүйкімді езгі жандар түршігіп,
Дауылдағы қорыққан құстай үрпиіп,
Қалды күтіп,жарық сәуле,жылы жай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу