Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  177


Автор: Қасым Аманжолов

Еврей сазы

М.Ю.Лермонтов. Еврей сазы
(Байроннан)
Жаралы жаным менің.Тез,тез,әнші,
Арфаны мынау алтын қолыңа алшы.
Жорғалап жөнелгенде саусақтарың,
Пейіштің ыңыранып күйі ояншы.
***
Біржола үміт,арман қалмаса өліп,
Кеудемде бір оянсын тебіреніп;
Суалған көздерімде бір тамшы жас
Бар болса,балқиыншы соны төгіп.
***
Мейлі әнің болсын тағы тағдырымдай,
Маған жат шаттық үні,о құрбым-ай,
Келеді бір жылағым,абзал жыршым,
Тұрғанда көкірегім қарс айрылмай.
***
Сіңіріп көп қасірет жұтқан ұдай
Булыққан жан сарайым бір ашылмай;
Соқты енді қатал сағат толды кеудемАжалдың уға толы шарасындай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу