Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  176


Автор: Қасым Аманжолов

Ақынға


Ақын!Халық сүйді деп,таспа бекер,
Минуттік мақтау шуы өтер-кетер;
Естірсін ессіз сотын,сұмдар ниетін,
Сонда да сабырлы бол,саспа бекін.
Өзің патша тұр жалғыз.Еркін жолмен
Ақылыңа ер дағы жүре бер сен,
Өршіт ойдың жемісін игілікті,
Бірақ оған сұрама сен сыйлықты.
Сыйлық та бар өзіңде,билік те бар,
Өз еңбегің өзіңмен бағаланар,
Ризамысың,сен соған,суреткерім?
Ризамысың?Мейлі олар сөге берсін,
Саған қарсы қарғысын төге берсін,
Мейлі сенің бүлдірсін треножнигің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу