Өлеңдер ✍️

  03.03.2022
  243


Автор: Қасым Аманжолов

Чаадаевқа

Махаббат,үміт,арзан мансап
Бізді біраз алдап бақты,
Балалық желік кетті тарқап
Таңғы тұман,түс сияқты.
Өшпеді,бірақ тілегіміз,
Көрсек те заман қаталдығын
Асыға соғып жүрегіміз.
Тыңдаулымыз Отан үнін.
Талыға толқып күткен жарын
Махаббатты жас жігіттей,
Еркіндік езгу келер шағын
Күтуліміз тәтті үміттей.
Азаттық аңсап,шөлдегенде,
Тазасында арымыздың,
Арнайық,досым туған елге
Игілігін жанымыздың.
Илан,жолдас,тумай қоймас
Бақ жұлдызы біз аңсаған;
Көтерер Ресей ұйқыдан бас,
Күл-талқан боп озбыр заман,
Ардақтап жазар атымызды адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу