Өлеңдер ✍️

  02.03.2022
  205


Автор: Қасым Аманжолов

ӨЛЕҢ ТУРАЛЫ

Отырам кейде құрысып,
Бойымда бір жүк жатқандай.
Өтеді уақытым жылысып,
Өз міндетін атқармай...
Кетемін кенет сілкініп,
Іздегенім тапқандай.
Манадан бері іркіліп,
Селім бір енді аққандай.
Келеді өлең есіліп,
Үлгере жазып жатамын.
Бір әндетіп, бір сөйлеп,
Мол рақатқа батамын.
Құрысқан бойым жазылып,
Лапылдап отым жанады.
Отырғандаймын мәз қылып,
Ойнатып сәби баланы.
Өлеңім менің бөбегім
Өзіме тартқан секілді.
Үстіне түсе төнемін,
Үйретіп оған не тілді.
Дүние қандай тамаша!
Реніш-өайғы маған жат.
Құлпырам мәз боп бадаша,
Айналам толған махабат.
1949




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу