02.03.2022
  851


Автор: Сұлтан Оразалы

«ӨНЕРДІҢ» ЖАҢА БЕЛЕСІ

 


Өткен ғасырдағы сексенінші жылдардың аяғы мен тоқсаныншы жылдардың басы кеңестік жүйе шайқалып, нарықтық экономика ендей кіре бастаған шақта елімізде кітап басу ісі де тоқырауға ұшырап, бұ- рын көріп, білмеген қиындықтар мен тоқсауылдардан өтуге тура келді. Əсіресе тиражы аз, əр кітабын шығарудың шығыны мен мехнаты шаш етектен келетін «Өнер» тəрізді баспаны қиын кезеңнен алып өту оңайға түскен жоқ. Сол жылдары осы баспаның директоры болған С.Оразалы мен оның көмекшілері, баспаны жабу туралы Мəскеуден түскен ұсы- ныстарға қарамастан, тығырықтан шығарып, жаңа жағдайда оның өміршеңдігін дəлелдеді. Баспа аз ғана уақытта етек-жеңін жинап, Кеңес Одағында алдыңғы қатарға шықты.


Баспа директорының төмендегі мақалалары «Қазақ əдебиетінің» бетінде газеттің жыл сайынғы дəстүрлі сұрақтарына сай жазылған.


 


I


Аса күрделі де қызық заманда өмір сүріп отырмыз. Қазір əркім өз болмысына тереңдей үңіліп, кісілік, азаматтық, іскерлік қасиеттерін биік талаптар тұрғысынан қайта сараптауға кірісті. Жан күйттеп, тыныштық іздеп, бой тасаламай үлкен де, кіші де туған халқының, бүкіл елінің мүддесі үшін не тындырғанын, қолынан енді не келетінін мазасыздана ойлап, іс-əрекетімен танылатын кезеңге жетті. Өйткені қайта құру – өткендегі олқылықтардың тігісін жатқызып, жаңа та- быстарды боямалап, жеңіл-желпі шығынмен өте шығатын өткінші құбылыс емес, өмірдің барша саласын жайлаған кемшіліктер мен адамдар санасында қалыптасқан əр алуан теріс пиғылдарға қарсы ұзаққа созылатын күресте ерлік пен табандылықты қажет ететін ауыр еңбек. Ол əрқайсысымыздан нұрлы ақыл, таза жүрек, іскер қолды талап етеді.


Замандастарымыздың рухани жан дүниесін байытып, эстетикалық талғам-пайымын арттыратын көптеген кітаптарды, түрлі түсті аль- бомдарды, музыкалық туындыларды басып шығаратын «Өнер» бас- пасының ішкі тірлігінде де қайта құру талаптарына сай жүзеге асы- рылып жатқан өзгерістер баршылық. Бұрнағы жылдарда коллектив ішін жайлаған алауыздықтың кесірінен құлдырап кеткен экономикалық жағдайды, тоқырап қалған творчестволық жұмысты қайта жандандыру үшін ең алдымен ішкі тəртіпті нығайтуға, адамдар арасындағы қарым- қатынасты, творчестволық ынтымақты, бірлесе еңбек етуді жолға қою- ға ерекше назар аударылды. Өйткені сан-салалы баспа жұмысында ниеттес, тілектес, іскер, білімді мамандардыңынтымағынсыз іс тындыру қиын еді. «Бірлесе көтерген жүк жеңіл» дегендей, оның нəтижесі де


 


бірден көрінді. Мысалы, көптеген жылдар бойы тақырыптық жоспар жартылай ғана орындалып, ондаған кітаптар жылдан-жылға ығысып, көшумен келсе, өткен жылы бұл «дəстүр» бүтіндей өзгерді.


Баспа мен полиграфия өндірісінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту нəтижесінде сартап болып жатқан көптеген туындылар оқушы қолына жетті. Қазір 1987 жылдың тақырыптық жоспары орын- далып, биыл шығатын кітаптар өндіріске толықтай тапсырылды. Қызметкерлеріміз бұл күндері 1989–1990 жылдары жарық көретін шығармаларды əзірлеу үстінде. Жұмыстың бір жүйеге келтірілуі экономикалық жағдайды жақсартуға да септігін тигізді. Ішкі мүм- кіндіктерімізді сараптай келіп, біз үстіміздегі жылы баспаның таза табысын 1986 жылғымен салыстырғанда екі есеге жуық көтеруді мең- зеп отырмыз. Бұл алдағы кезеңде коллективтің шаруашылық есепке толықтай көшуі үшін аса қажет.


«Өнер» – шығарған əдебиеттерінің сипаты мен ерекшеліктері жəне əралуандығы жағынан Одақтағы санаулы баспалардың бірі. Құрылға- нына аз ғана уақыт өтсе де, оның өкілдері оқушы жұртшылыққа кеңінен танымал. Халық көңілінен шығатын, өнердің зəру мəселелерін көтере- тін, көркемдік сапасы биік туындыларды көптеп шығара беру – біздің басты мақсатымыз. Бұл жауапты міндетті орындау үшін шығармашы- лық одақтармен байланысты нығайтып, өнер мен мəдениеттің көрнекті қайраткерлері қатынасатын көркемдік кеңестің ролін арттырдық. Біздің тақырыптық жоспарларымыз бен күрделі қолжазбалар творчестволық ұйымдарда соңғы кездері жиі талқылана бастады. Бұл іске Қазақ ССР Мəдениет министрлігінің қарамағындағы мекемелер мен консерва- тория мамандары да араласуда. Шаруашылық есептің қатаң талаптары əрбір қолжазбаның дер кезінде мұқият əзірленуін, қызметкерлеріміздің ыждағаттылығы мен іскерлігін, белсенділігін қажет етеді. Сондықтан да біз редакторлардың жауапкершілігін арттырып, олар тек редакция- ға түскен қолжазбалармен ғана шектеліп қалмай, қабілетті авторлар- ды ұйымдастырып, көкейкесті сапалы шығармалардың жазылуына, жарық көруіне тікелей ұйтқы болуына толықтай мүмкіндік бердік. Бұл – əлеуметтік заказдар беру ісіне де кең жол ашты.


Қазір баспаның ішкі құрылымы жетілдіріліп, жаңа редакциялар ашылды. Қызметкерлерді аттестациялау жұмысы аяқталды. Бірақ өнер- дің кейбір салаларынан білікті, іскер мамандардың тапшылығы көңілді алаңдата береді.


Оқырманның баспадан күтері жақсы кітап, жаңа туынды болса керек. Бұл ретте «Өнердің» жұртқа ұсынар жүзден аса басылымының ішінде көңіл бөлуге лайық шығармалар аз емес. Өткен жылы алғашқы томы шығып, мəдени өміріміздің үлкен жаңалығы ретінде қабылданған академик Əлкей Марғұланның «Қазақтың халық өнері» атты туын- дысының қалған екі кітабы биыл жұрт қолына тимек. Екінші бір сүбелі


 


дүние – «Жамбыл – бейнелеу өнерінде» деген атпен шығатын альбом. Жəкеңді көзі тірісінде де, кейіннен де əр қырынан бейнелеген қыл- қалам шеберлері көп болған. Аты елімізге мəлім С.Чуйков, А.Черкасский, Х.Наурызбаев, А. Қастеев, Б.Чекалин т.б. суретшілердің графикалық, мүсіндік, портреттік туындыларының басы біріктіріліп, үлкен альбом- ның ішінде жарық көргелі отыр. Суреттерге ғылыми түсінік пен алғы сөз берілген. Ал «Медеу» фотоальбомы өзіміздің мұз айдынында өтетін дүниежүзілік чемпионатқа орай əсем көркемделіп, сувенир ретінде басылып шығады. Қазақ тіліне аударылған «Өнердің шағын тарихы» көп томдығының бірінші кітабы «Антикалық өнер» де баспамыздың салмақты дүниесі болмақ. Қазақтың тұңғыш режиссері, драматург Жұмат Шаниннің «Арқалық батыр» атты жинағына оның төл шығармалары мен мақалалары жəне замандастарының естеліктері топтастырылып, тұңғыш рет басылып шығады. Есімі халқына кеңінен танымал бұл суреткердің шығармаларымен оқушылар жарты ғасырдан соң қайта табысқалы отыр. Музыка саласынан Тəттімбеттің «Саржайлау», Ақан серінің «Маңмаңгер» əн-күй жинақтары жұрт көңілінен шығатын бірегей туындылар. Сондай- ақ О.Всеволодская-Голушкевичтің «Қазақтың бес биі», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының клавирі. «Əнім сен едің» атты көпшілік сүйіп айтатын қазіргі əндер жинағы да көңіл бөлуге лайық.


Биылғы жылдан бастап баспамыз өнер мен мəдениет тарихына, оның белгілі қайраткерлерінің өміріне арналған көркем шығармаларды да жариялай бастайды. Соның алғашқы қарлығашы – белгілі əнші, талантты жазушы Жəнібек Кəрменовтің «Ғашықтың тілі» атты повестері мен əңгімелер жинағы оқушы жүрегіне жол табады деп ойлаймыз. Жалпы «Өнер» баспасының қай басылымы да оқырманды селқос қалдырмасы кəміл.


«Қазақ əдебиеті» газеті,


1988 жыл


 


II


«Айда – аяқ, жылда – жілік жоқ» дегендей, желдей есіп, жұлдыздай жүйткіген уақыт көші тағы бір жылды артқа қалдырды. Өткен жолда ұтқаның мен ұтылғаныңды сарапқа салу, алдағы тіршілікте пайдалысын тəжірибеге алу – өмір қағидасы екені мəлім. Осы тұрғыдан қарағанда 1988 жыл «Өнер» баспасының коллективі үшін жеміссіз болған жоқ. Ең алдымен, оқушыларымызға уəде берген тақырыптық жоспар толықтай орындалып, баспаның экономикалық жағдайы бұрынғысынан екі есе жақсарды. Кітап басу ісінде жариялылық пен демократиялық принцип- ті орнықтыру, авторлармен шығармашылық ынтымақты нығайту, ре- дакторлардың жауапкершілігі мен кəсіптік іскерлігін арттыру, əрбір басылымның көркемдік жəне экономикалық жағынан тиімді болуын


 


қамтамасыз ету, қосақ арасында бос жүрген басы артық адамдардан құтылып, редакциялардың құрылымын жетілдіру сияқты уақыт алға қойған баспа жұмысындағы маңызды шараларды жүзеге асыруға тура келді. Соның нəтижесінде ұжым мүшелерінің ынтымағы, ауызбірлігі жақсарып, қызметкерлердің жалақысы 40–50 пайызға дейін көтеріл- ді. «Өнер» баспасы тұңғыш рет Бүкілодақтық социалистік жарыс жүлдегерлерінің қатарына қосылды. Ең бастысы, биылғы жылдың басынан толықтай шаруашылық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру- ға ұжым сеніммен көшті. Бұл – əр басылымы мол шығынды, көп қиындықты туғызатын баспа үшін аз олжа емес.


Қазір кітап шығару ісі ғылыми жүйеге негізделіп, халық тілегі, оқушы талабы басты тұғырға айналып келеді. Əр басылым өз оқу- шысын табуға тиіс. Кітап – оқылғанда, рухани игілікке айналғанда ғана кітап, ал иесін таппай дүкенде қалаулы тұрғанда оның жай мү- ліктен айырмасы шамалы. Осы бір қарапайым шындықты автор мен редактордың толық түсінуі – баспа ісін қайта құрудың алғышарты. Сондықтан шаруашылық есептің, творчество мен экономиканы, өн- дірісті үйлестірудің қиындықтарын күйттеп, əйтеуір қаржы түсіретін кітаптарды қуып кетпей, ел үшін қажетті, халықтың рухани тілегіне сай туындыларды басу – басты парызымыз.


Адам жанын ізгілікке тəрбиелеп, сұлулықты танытуда, марғаулық- тан сергітіп, өмірдің өршіл күйін ұғынуға баулуда өнердің орны ерекше. Əсіресе көңілдегі кірді аршып, халқымыздың жоғалған асыл- дарын шарқ ұра іздеген бүгінгі шақта оның тəрбиелік мəнін айтып жеткізу қиын. Даңқты француз мүсіншісі Огюст Роден құдайдың қолын бейнелегенде оны саз балшықты илеп жатқан мүсіншінің қолына ұқсатқан екен. Шындығында аңыздағы əлемді жаратушы мен мүсіншінің əрекетінде туыстық, жақындық аз емес қой. Ал сол қасиет тек мүсіншіде ғана ма? Сөз құдіретімен адам бейнесін, өзіндік дүние суреттерін жасайтын ақын-жазушы, дыбыстардың сиқырлы үнімен түрлі сезім-күйге бөлеп, көз алдыңа қилы-қилы өмірді елес- тетін композитор, бояулардың сəулелі келісімі арқылы адам, табиғат, тіршілік бейнесін тудыратын қылқалам шебері, əр заманда ғұмыр кешкен адамдар кейпіне кіріп, оны қайта тірілтетін актер өнері – осының қай-қайсысы да Роден кейіпкеріне ұқсас емес пе? Өнер атаулының құдірет күші, «дүниені тек сұлулық сақтап қалады» дей- тін қанатты сөздің астары осында жатқан сияқты. Қазір заманалар бойы қалыптасқан классикалық жеті өнердің қатары он үшке жетті.


«Өнер» баспасы солардың бірде-бірін өгейсітпей, насихаттап, түрлі басылымдар арқылы халыққа жеткізуді мақсат етеді. Сөз болғалы отырған биылғы жылдың жоспарында оның көпшілігі қамтылған.


Таяу айларда жарық көретін туындылар ішінде жастар мен бала- лар əдебиеті қомақты орын алады. Соңғы кезде халқының тілі мен


 


мəдениетінен мақрұм өскен дүбəра жастардың көбейіп бара жатқа- ны көңілді алаңдатады. Тəрбие жұмысындағы жанға бататын осы жағымсыз құбылыстың тууына баспагерлер де жауапты деп ойлай- мын. Сондықтан ештен де кеш жақсы, балаларға эстетикалық тəрбие беретін, ұлттық өнер сырын ұқтыратын кітаптарды көптеп шығаруды қолға алдық. Олардың ішінде «Ою-өрнектер», «Жұмсақ ойыншықтар»,


«Суретті қалай салады», «Өзің жасап ал», «Көңілді əуендер», «Музыка жайлы əңгімелер», «Өнер жайлы əңгіме», «Рафаэль сенің замандасың» атты көркем безендірілген басылымдар оқушы қолына биыл тиеді.


Республикамыздың мəдени өміріндегі жаңалықтарды қамтитын


«Қазақстан өнері» жинағының жаңа санында проблемалық мақалаларға орын көбірек беріліп, оқушылар тілегіне сай оның сыртқы форматына, көркемделуіне ерекше назар аударылды.


Бұрыннан қалыптасқан «Өнердегі өнегелі өмірлер», «Уақыт жəне театр» серияларынан С.Ақтаевтың «Əнуарбек Байжанбаев», М.Əлиас- қаровтың «Садық Кəрімбаев», Х.Елебекованың «Жүсіпбек Елебеков», Қ.Кенжетаевтың, Қ.Жандарбековтың өнер адамдары туралы деректі повестері, И.Шостаковтың Əзербайжан Мəмбетов творчествосына, М.Байсеркеновтың республика театрларының өзекті мəселелеріне ар- налған монографиялары жарық көрмекші.


«Құтты болсын тойларың!» деп аталатын өте əсем безендірілген кітап та оқушы көңілінен шығуға тиіс. Бұл жинақта шілдехана, мектеп- ке бару, əскерге шығарып салу, туған күн, үйлену, күміс той, алтын той, сабан той, шопандар тойы, наурыз тойын қалай өткізу туралы əңгімелер, сол тойларда айтылатын əндер мен ойналатын ойындар түрі келтірілген. Адам өмірінің аса қымбат сəтінде еске алынатын жақсы лебіз, даналық сөздерді, халқымыздың игі дəстүрлерін қалай сақтау, тойға барғанда, қонақ шақырғанда өзіңді қалай ұстауды оқып білуге болады. Кітаптың қажеттігін оған түскен тираждан-ақ аңғарамыз. Бірақ қағаздың тапшылығынан жұрт сұраған 130 мың дананың орнына 50 мыңын биыл шығарып, қалғанын келесі жылдың еншісіне қалдыру- ға тура келді. Дəл осындай жағдай «Ақыл-ой гимнастикасы немесе қызғылықты 500 есеп» дейтін оқушының ойлау, таным қабілетін арттыруға, байқампаздығын, алғырлығын, білім қорын айқындауға септігін тигізетін кітапқа да тəн. Бұл туындының мəнділігіне ден қойған сауда бөлімдері оның 225 мыңын сұратқанымен, қағаз тапшылығынан ол тілекті биыл қанағаттандыра алмаймыз. Осы жерде бүкіл Кеңес баспагерлерінің қабырғасына аяздай батып отырған мəселені айтпай кетуге болмайды. Қазіргі оқушы кітаптың мазмұнымен қоса, оның сапалы, жақсы қағазға басылуын да тілейді. Ақ тілек пен шындық бір- бірінен алшақтап кеткен жылдарда елімізде қағаз өндіру ісі ескерусіз қалды. Мысалы, бір мың куб ағаштан Швеция – 129, Америка – 137, Финляндия – 164 тонна қағаз өндіргенде біздің еліміз 27,3 тоннаға


 


əрең жеткенін айтудың өзі ұят. Соншама ысыраппен алынған қағаздың сапасы көп төмен. Сондықтан біз шығаратын альбомдар шетелдік басылымдармен бəсекелесуге жарамайтынын ашық айтқан жөн. Бұған кітап басатын қазіргі заманғы жаңа техниканың тапшылығы да сеп- тесіп отыр.


Дегенмен, экономикалық жəне өндірістік қиыншылықтарға қара- мастан, бейнелеу өнері мен музыкаға арналған көптеген шығарма- лар биыл жарық көрді. Олардың ішінде композиторлар Б.Баяхунов- тың, Ə.Бейсеуовтің, М.Ибраевтың, Ж.Тұрсынбаевтың шығармалары


«Бозінген», «Гитарға арналған əндер» сияқты жинақтар, «Қазақстан- ның монументалды өнері», «Ахмет Ясауи сəулет ғимараты», Леонид Леонтьевтің альбомдары бар. Əлкей Марғұланның «Қазақтың ұлттық қолөнері» кітабының үшінші томы, Шəкəрім Құдайбердіұлының əн жинағы өз оқушысын табатыны даусыз. Тұңғыш рет жарық көретін Қазақстан жазушыларының отыздан аса портреттері көп тиражбен ба- сылып шығады. Республикамыздың таңдаулы қылқалам шеберлері сал- ған бұл графикалық еңбектердің ішінде Шəкəрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтардың жарқын бейнесі де бар. Жазықсыз жапа шеккен ардагерлеріміз енді аз уақыттан соң мектептер мен кітапханалардың, өнер сүйер қауым- ның үйінің төрінен орын алады. Бұл топтамаға ақын-жазушылардың өмірбаяны жəне басты шығармалары туралы деректер қоса берілген.


Шағын мақалының ішінде, əрине, биыл жарық көретін сексенге жуық басылымның атын атап, түсін түстеп шығу мүмкін емес. Оның қажеті де жоқ. Сонда да алдағы айларда оқушы қолына тиетін Т.Əлімқұловтың, М.Сəрсекеевтің роман, повестері, Б.Тұяқбаеваның зерттеу еңбегі, С.Малоземовтың əзіл əңгімелері, қазақ қаламгерлерінің эстрадаға, ауыл сахнасына арналған шағын драмалық туындылары, сондай-ақ қазақтың ғасырлар бойы аузында жүрген қара өлеңін жи- нақтап, жан-жақты зерттеп, «Мың бір маржан» деген атпен ұсынған А.Сейдімбековтың кітабы, халқымыздың əн, күйлерінің шығу тарихын сыр ететін «Ардақ» атты əңгімелер жинағы көңіл бөлуге лайық шығармалар екенін айту парыз.


Тауқыметті баспа жұмысында бір жылдығын ғана ойлаған қыз- меткердің өрісі қысқа. Авторлар нені ұсынса – соны қанағат етіп, можантопай жүре беретін редакторлардың уақыты өткен. Қазір бол- мағанда 3–4 жыл алдын болжап, халық тілегіне лайық кітаптардың жазылуына жəне олардың басылуына мұрындық болатын, жақсының жақсылығын, жаманның жамандығын айта алатын, жауапкершілік- тен қорықпайтын, шығармашылық табиғатын өзі де жанымен түсінетін өрелі редакторлардың күні туды. Бірақ солардың маңдайы тасқа соғылғандай қиналып жүрген бір жайы – тізе қосып бірге еңбектенетіндей бейнелеу өнері, музыка, архитектура, эстрада, цирк,


 


кино, телевизия жайлы ана тілімізде еңбектер жазуға жарайтын мамандардың жоқтығы. Көп оқып, жетісіп кеттік дейтіндердің нені меңзейтіні қайдам, біздіңше, тіл білетін ескі көз авторлардың қатары сиреген сайын орындары ойсырап барады. Ертеңін ойламаған елдің, өнерін танымаған, тілін ұқпаған ұрпақтың күні не болатын мəлім. Сондықтан бұл мəселені де көп болып кеңесетін уақыт жетті.


Заман мен заманды, ұрпақ пен ұрпақты жалғастыратын да, сыр- ластыратын да кітап. Оның бетінен ақынның хатын, ғалымның атын, щебердің бізін, ісмердің тезін, ұстаның төсін – бəрін оқуға, көруге болады. Ендеше кітап тағдыры баршамыздың ортақ ісіміз!


 


«Қазақ əдебиеті» газеті,


1989 жыл


 


III


 


«Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп» дегендей, тұңғыш рет шаруа- шылық есеп пен өзін-өзі толық қаржыландыруға көшкен 1989 жылдың жоспарын орындау баспа қызметкерлеріне оңайға түскен жоқ. Əрбір басылымның көркемдік сапасы мен экономикалық тиімділігін арт- тыру, творчество мен есеп-қисапты үйлестіру жеңіл шаруа емес кө- рінеді. Біріне тартсаң, екіншісі жүдеп шыға келеді. Оның үстіне он- даған жылдар бойы елеусіз қалған полиграфиялық өндіріс, қағаз тапшылығы етектен тартып, кесірін тигізіп-ақ бақты. Дегенмен алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстарының нəтижесінде тақырыптық жоспардағы жүзден аса басылымды оқушы қолына жеткіздік. «Өнер» баспасы социалистік жарыста жылдың үш тоқсанында республика баспагерлерінің алдыңғы сапына шығып, бірінші, екінші орындарды бөлісіп келеді. Көптеген туындыларымыз Бүкілодақтық, Орта Азия жəне Қазақстан кітап көрмелерінде бəйге алып, əр түрлі сыйлықтар- ға ие болса, «Қазақстан акварелі» альбомына Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінің күміс медалі тапсырылды. Москвада өткен Халықаралық кітап жəрмеңкесінде алты экспорттық шартқа қол қойылды, Чехословакияның «Пресс-фото» баспасымен бірігіп үш тілде


«Жібек жолы» атты қабырғаға ілетін календарь, буклеттер шығаруға, Германия Федеративтік Республикасының «Дагиеле ферлаг» баспа- сында Таңбалы қойнауындағы тас бедерлер туралы кітап шығаруға қол жетті. Жапония, Болгария, Словакия баспагерлері халқымыздың ұлт- тық киімін, музыкасын, туған жер табиғатын насихаттайтын басылым- дар шығаруға ниет білдірді. Соңғы жылдары баспамыздан жарық көрген бір топ кітаптар Польша, Эфиопия, Болгария, Монғолия, Куба, Ирак, Конго, Мали, Алжир, Ирландия, Венесуэла, Морокко, Гвинея- Бисау, Аргентина, Экводор, Сейшель аралдары, Танзанияға сатылды.


 


Ал Индия, Бангладеш, Кубаға арнап біз «Борсық пен ай», «Нептун патшалығында», «Карнавалдық маскалар», «Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері» атты кітаптарымызды көп тиражбен ағылшын, бенгал, испан тілдерінде басып бермекшіміз.


«Өнер» – көп салалы, Одақтағы ең күрделі баспалардың бірі. Əрбір туындының полиграфиялық орындалуының қиындығын айтпағанның өзінде, мəдениет пен өнердің ол қамтымайтын саласы жоқ. Бейнелеу өнері, фотобасылымдар, музыка, театр, би, эстрада, кино, архитектура, радио, халық өнері, балалар əдебиеті, ауыз əдебиеті, проза, драматур- гия, поэзия, сын-зерттеу кітаптары, міне, осылардың бəрі де əр түрлі серияларға жүйеленіп, сала-сала бойынша жарық көріп келеді. Қазақ- стан қылқалам шеберлері мен мүсіншілерінің ең таңдаулы шығарма- лары қамтылған «Қазақстан акварелі», «Қазақстанның монументалды өнері» альбомдары, көп жылдық зерттеу мен жинаудың нəтижесінде дүниеге келген «Жамбыл бейнелеу өнерінде» жəне көне дəуір сəу- лет ескерткіштерінде ою-өрнектер мен жазудың құпия сырларын ашып көрсеткен «Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің эпиграфикалық өрнектері» атты кітап-альбомдардың ғылыми, танымдық мəні ерекше. Бұл салда Солтүстік Қазақстан облысына арналған «Аққайыңдар өлкесінде» атты фотоальбомды да ерекше атау лəзім. Композиторлар Ə. Бейсеуовтің, Б. Баяхуновтың, М. Ибраевтың, Ж. Тұрсынбаевтың музыкалық жинақтары, белгілі өнер шеберлері Ж. Елебековтың, С. Кə- рімбаевтың, Ə. Байжанбаевтың өмір жолына арналған деректі повес- тер, театр өнерінің қыр-сырын пайымдайтын М. Байсеркеноа, С. До- санов, И. Шостактың монографиялық туындылары, «Кеш жарық»,


«Күлкіңіз келе ме?» атты эстрадалық жинақтар, Т. Əлімқұловтың, Ш. Смаханұлының, С. Малоземовтың прозалық, поэзиялық, сатиралық кітаптары өз оқушысын табары сөзсіз. Балаларға эстетикалық тəрбие беріп, өнерді білуге, танып, түйсінуге баулитын кітаптар серия- сын шығаруға ерекше көңіл бөлудеміз. Өткен жылы жарық көрген


«Карнавалдық маскалар», «Қуыршақ» «Ою-өрнек», «Көңілді əуендер»,


«Музыка туралы əңгімелер», «Борсық пен ай», «Балаларға – Қазақстан өнері туралы» басылымдар жұртшылық көңілінен шығып, кейбір шет ел баспагерлерінің де назарын аударды.


Соңғы жылдары кітап көркемдеуге, плакаттар салуға белгілі суретшілермен қоса Москва, Ленинград Сурет академияларын бітір- ген бір топ талантты жастардың шақырылуы жақсы нəтиже беріп, бұл өнердің биік деңгейге көтерілуіне себепкер болды. Қазір жұртшы- лық қолына тиген Ш. Құдайбердиевтің, А. Байтұрсыновтың, Ж. Ай- мауытовтың, М. Жұмабаевтың, Қ. Сəтпаевтың портрет-плакаттары осы сөзімізге дəлел болса керек.


Алдағы жылы да осы жемісті бағыт, жақсы үрдіс жалғаса бермек- ші. Қазақстанның белгілі график-суретшілері салған отыздан аса


 


жазушылардың порттреттері бір комплект болып таяуда жұртшы- лық қолына тиеді. Оны Украина баспагерлерімен бірігіп шығаруда- мыз. Ал Германия Демократиялық Республикасында басылып жатқан


«Қазақстанның бейнелеу өнері», «Ежелгі Отырар керамикасы» атты екі альбомның алғашқысында республика қылқалам шеберлері мен мүсіншілерінің жетпіс жылдағы ең таңдаулы туындылары жинақталса, екіншісінде Қазақстан керамикасының екі мың жылдық тарихы сөз болады. Өкінішке орай, осы екі басылымның тиражына көңіл тол- майды. Қазіргі заманғы кітап басу өнерінің барша мүмкіндігі пайда- ланылып шығарылғалы отырған, эстетикалық мəні, ғылыми маңызы өте жоғары бұл туындыларға бар-жоғы 4–5 мың данадан ғана тап- сырыс түсіп отыр. Осы іске белсене араласуға тиісті халыққа білім мен мəдениет тарататын екі комитет басшылары мен Суретшілер одағы немқұрайды қарауда. Ал шындығын айтсақ, екі туынды да үстіміздегі жүзжылдықта екінші жарық көруі неғайбыл емес пе? Ежелгі əдетімізше артынан өкініп жатпай, бүгінгі жəне ертеңгі ұрпаққа да қажетті бұндай басылымдарға ерекше көңіл бөлу қажет-ақ.


Алдағы жылы қалың оқырманның көңілінен шығатын басқа да туын- дылар баршылық. Олардың ішінде «Қайта құру жəне көркем өнер» атты жинақ, Шəкəрімнің «Аманат», Ж. Аймауытовтың «Шернияз», Ə. Əбішевтің «Сəкеннің аманаты», С. Сматаевтың «Əзіл-əзəзіл», Б. Аманшиннің «Исатайдың семсері», М. Əлімбаевтың «Өмір, өнер, өнерпаз», Ғ. Қайырбековтың «Елтінжал», І. Жақановтың «Ықылас», Г. Брусиловскийдің «Дос құшақтар мекені» Ж. Молдағалиевтің «Жомарт жүрек» т.б. кітаптары бар. «Қазақ əндерінің антологиясы», «Аққуың- ды аяла», «Гəкку», «Күй қайнары» сияқты музыкалық жинақтармен қоса, балаларға арналған «Соқыртеке», «Жұлдызша», «Кел, ойнайық»,


«Коллаж», «Алғашқы бедер салу», «Домбыра үйрену мектебі» т.б. əр түрлі жанрдағы туындыларды да жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа да түрлі альбомдар, сатиралық, эстрадалық жанрдағы жинақтар, ғылыми зерттеу, роман, повесть, пьесалар жарық көрмекші.


Жақсы кітап – баспа қызметкерлерінің творчестволық ізденісінен, авторлармен тығыз байланысынан, оқырман көңілінің əуейін дəл танудан туады. Күн сайын өсіп, биіктеп бара жатқан талғам мен талапқа сай баспа туындылары халықтың қажетіне жарап, рухани тілегін қанағаттандырып жатса, бір ғанибет емес пе? Біздің басты мақсатымыз да осы бағытта еңбек ету.


«Қазақ əдебиеті» газеті,


1990 жыл


 


IV


«Қазақта өтімді кітап жоқ емес...»


 


Біздің бүгінгі сұхбатымыз республикадағы негізгі баспалардың бірі – «Өнер» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Сұлтан Шəріпұлы Оразалинмен болмақшы. Əңгіме нарық қатынасы, бүгінде баспалардың жалпы тығырықтан шығу мəселелері төңірегінде өрбиді.


– Сұлтан аға, əңгімені қай салаға болмасын ауыр сын болған өткен жылдың қортындысынан бастасақ..?


– Қой жылы халқымызда қаншалықты ыңғайлы жыл болып есеп- телгенімен, өткен жыл алдағы келе жатқан ауыр сынның кіріспесі тəрізді болды. Алыстан «мен мұндалап» салқын сауданың лебі ескен қорқынышты қауіптің бастауы болғандай. Қағаздың құны қымбаттап, бір тонна қағазымыз төрт мың сом дəрежесіне шарықтағаны да өткен жылдың еншісінде. Тұңғыш рет өнеріміз бен мəдениетіміз, əдебиетіміз нарықтық қатынаспен бетпе-бет келіп саудаға түскен-ді. Баспадан шы- ғатын кітаптың көлемі бірнеше есе азайғанымен тұрмай, қағаз, бояу, типографиялық жабдықтарға деген баға еселеп өсіп, қымбаттады. Жылдар бойы өзгеріссіз келе жатқан жоспарлы дəстүр өзінің даму бағытынан өзге арнаға бет бұруға мəжбүр болды.


Нарықтық қатынас баспаның қызметкерлеріне де өзгеше бір толқы- ныс əкелгендей. Бұрын тек шығармашылық жұмыспен айналысатын ағайындар енді уақыт талабына орай қағаз, типографиялық құрал- жабдық іздеуге де мəжбүр болды. Осындай бетбұрыстардың, бір-біріне кереғар мəдениет пен сауданың арпалысқа түскен сəтінде əйтеуір тығырықтан шығудың жолын іздеуге тырыстық. Үлкен қиындықпен халық сұранымына сай кітаптарды жарыққа шығардық. Халқымыздың тарихын жасау бағытымен ежелгі қалалар туралы сериялы еңбектерді басуды қолға алдық. Өткен жылы оның алғашқы кітабы « Сығанақ» жарық көрді. Алдағы уақытта «Сауран», «Отырар» қалалары жөнін- дегі халқымыздың мəдениетінен, қазба байлығынан, өнерінен үлкен мағлұмат беретін суретті, деректі кітап дайындау үстіндеміз.


Оқырмандардың танымдық дүниесін байытып, ой-өрісін көтеруге арналған Ж.Елшібековтің «Зерек» кітабы да өткен жылы жарық көрді. Қорытындылап айтқанда, өткен жылы 58 атаудағы кітапты бір мил- лион 624 мың данамен шығарып, 930 мың таза табыспен аяқтадық. Бұл біздің қой жылы республикалық баспалардың ішінде алғашқы орынды иемденуімізге себепкер болды.


– Бүгінгі нарық жағдайында баспалар үшін табыс көзінің бірі


«өтімді кітап» шығару деген мəселе көп айтылып жүр...


– Иə, бүгінгі сауданың көзіне айналған кезең қалайда тал қармап


 


қалудың керін келтіріп отыр. Əркім өзінше тығырықтан шығудың жолын іздеуде. Бірақ «біздің қазақ баспалары үшін «өтімді кітап» шығару қазақтың мəдениеті, əдебиеті мен өнерін өрістетпейтіні бар- шаға аян. Өйткені «өтімді кітап» шығару дегеніміз қазақтың ұлттық өнерінің өрістеуіне тұсау салумен бірдей. Осындай талғаммен кітап шығарушылар, əрине, өзге елдің əдебиетіне, мəдениетіне қатысты көбірек ден қояды. Егерде бүкіл республикадағы баспа атаулы осы жолға түссе, миллиондап ақша тапқан болар еді. Бірақ бұл жағдай- да туған халқымыздың мəдениетін, əдебиеті мен өнерін тоқыратып қоямыз ба?


Қазақ кітаптары өзін-өзі ақтамайды деген əңгімені жиі қозғай- тындар жеткілікті. Алайда, көзін таба білсе, қазақ кітаптары сөреде шаң басып жатпайды. Тек ол үшін үзбей ізденіс, халықтың сұраныс талабына орай жұмыс жүргізе білуіміз керек тəрізді. Мəселен, біз- дің «Өнер» баспасы өткен жылы халықтық дəстүріміздің бір тар- мағы «Беташар» кітабын 100 мың данамен, ал «Қазақ əндерінің антологиясын» 200 мың данамен басып шығарды. Əйтсе де халқымыз үшін қажетті кітап лезде ел арасына тарап кетті. Əрі халқымыздың мəдениеті мен өнеріне қатысты, əрі экономикалық жағынан тиімді осындай туындыларымызды көптеп басып шығару керек екені даусыз. Қастерліміз бен қасиеттімізден, асылымыздан айырылып қалмауды ойлау қажет-ақ. Алқымнан алған тапшылық пен сауданың соңына түскен бүгінгі сенделісті өтпелі кезең деп қабылдаған дұрыс. Əйтпесе кейбір баспалар пайда табу қамымен туған халқына титтей де пайда əкелмейтін арзан дүниелер үшін ертеңгі күні өкінбесіне кім кепіл? Əрине, егерде туған халқының мүддесін көздесе...


– Жоғарыдағының бəрі, айналып келгенде, тығырықтан шығудың жолы ғой. Қалай десек те, қазір қайсы сала болмасын, бəрі үкіметке


«қаржы бер» деп аузын ашып отырғаны жасырын емес. Іштегі өз мүмкіндік көзін пайдалану бізде əлі жетіспейтін сияқты.


– Алақан жайып ақша сұрау қазір көпшілік мекеменің басында бар жайт. Бірақ үкіметтің берген қаржысы жұлығына жұғым да болмайды. Сондықтан біз баспаның жанынан шағын кəсіпорын аштық. Қағаз тап- шылығынан кейін бұрынғы Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитет- тің жабдықтау бөліміне мойын созып, үміт арту қиынның қияметі бо- лар еді. Сондықтан «Шарапат» шағын кəсіпорнының басты міндеті де мүмкіндігінше жер-жерде биржалармен байланыс жасап, қағаз, бояу, полиграфиялық жабдықтарды арзан бағада іздеуге арналған-ды.


Сонымен қатар республикамызда мəдениет пен өнерге қатысты көптеген мекемелердің сұранысын орындаудың ұйытқысы болу. Меке- мелер тарапынан берілетін жарнама болсын, кітапшалар болсын, іздеп тауып, олардың жарыққа шығуына қолғабыс тигізу болып табылады. Мұның өзі баспаға қосымша табыс əкеледі.


 


Өз қоржынымызда жатқан дүниелерді қайта қарап, қазіргі уақыт сұранымына сай кітаптарды іріктеу де кəсіпорын қызметкерлерінің үлесіне тиеді. Əрі кəсіпорын баспа өнімдерін жарнамалауға мұрын- дық болады. Себебі бізде баспа өнімдерін жарнамалау жоқтың қасы, немесе бүкіл өнім жарыққа шыққаннан кейін біраз уақыттан кейін шығып, кешігіп жатады. Жақсы дүниені дер кезінде халыққа жеткізу үшін жұмыс істеу қажет-ақ.


– Жасыратыны жоқ, соңғы кезде баспалар авторлармен келісім- шартқа отырып, олар кітаптың қаржысын төлесе ғана жарыққа шығарады. Бірақ солардың ішінде шикі дүниелер көбейіп кетпей ме деген қауіп те жоқ емес...


– Қаржы мəселесі қаншалықты аяққа тұсау болғанымен, бізде өз талғамымыздан, өз талабымыздан төмендеу жоқ. Өз мақсатымызды саудаға салуға мұрат етпейміз де. Сапасы төмен, қаржысы бар автор- лардың талай келгені де рас. Бірақ əрбір баспа ең алдымен өзінің абы- ройын ойлағаны жөн. Өйткені ақшаға қаншама құныққанмен, талғам биігі оқырман деңгейінен төмен жатса, одан баспаға жақсы лебіз келе- ді деу қиындау. Сондықтан жалпы авторлар кітабын сирек шығара- мыз. Əрине, жақсы дүние болса, оларға сол жергілікті жерден демеуші табуына жəрдемдесеміз, сол арқылы кітабының жарыққа шығуына ұйытқы боламыз.


– Қай жағынан болсын «Өнер» баспасының өзге баспалардан өзіндік ерекшелігі, қолтаңбасы бар. Міне, осы туралы бірер сөз айтсаңыз.


– Жалпы республикамыздағы əрбір баспаның өзіндік объектісі, өз арнасы, белгілі бір қамтитын саласы бар. Ал біздің баспа тек өнер төңірегінде емес, бүкіл өнерге қатысты көркем шығармаларды, өнер кейіпкерлері туралы дүниелерді, əнге жазылған өлең сөздерін де жарыққа шығарып отырады.


Қазақ өнері кең ауқымды болғандықтан, ауыз əдебиетінен бастап үлкен симфонияға дейінгі аралықтағы кітаптарды қамти отырып, оларды оқырманға жеткізу де «Өнердің» еншісінде. Өнер атаулының өзі ішінара қаншама түрге бөлінеді. Театр өнерінің өзі, драматургия, сахна өнері, режиссура бəрі осы баспаның тақырыптық жоспарында қамтылады.


Соңғы кезде плакат басылымын да үлкен өнер деңгейіне жеткіздік. Ұмытылып кеткен, тек тұлғалары əдебиетімізде ғана сақталып қал- ған арыстарымызды тірілту мақсатында бірталай шаралар тындырып жатырмыз. Этнограф, тарихшы, əдебиетшілермен бірлесе жұмыс іс- теудің нəтижесінде көмескілене бастаған арыстарымыздың бейнесін тірілту бағытында игілікті ізденістер де бар. Алдағы уақытта аты қазақ жұртшылығына танымал Қаз дауысты Қазыбектің, Əйтеке мен Төле бидің портретін жасау үстіндеміз.


Баспаның өзіндік ерекшеліктеріне орай, қызметкерлерінен зерттеу


 


жұмысымен көбірек айналысып, ұдайы ізденісте болуды талап етеді. Баспаның өзі əрі ғылыми мекеменің ұйымдастырушылық жағына, ба- сып шығару функциясына негізделеді. Əрі осы тұрғыдағы қажеттілікті қызметкерлерден де талап етеді.


Қорытындалап айтар болсақ, баспа жалпы он екі музаның барлығын


– сөз өнерінен бастап, теледидар, қажет десеңіз, фотоөнеріне дейінгі аралықта түрлі кітаптар шығарамыз. «Өнер» баспасы халықтық өнер- дің өсуіне, көркеюіне, қазақи дəстүріміздің қайта жалғасуына өзіндік үлес қосады. Оқырмандарға халқымыздың бар өнерінің тарихының шежіресін жеткізіп береді. Егер қазақ өнері өмір сүретін болса, бас- па өмір сүретіні сөзсіз. Ендеше «Өнер» баспасының өміршеңдігі де осында.


– Уақыт талабына орай баспаның құрылымын, жұмыс стилін жаңа бағытқа өзгертудегі қадам қалай жүзеге асып отыр?


– Біздің жүйелік құрылым бұрын жоспарлы, қатып қалған бағытта құрылған еді. Ал қазір уақыттың талабымен оның ішкі құрылымдарын да өзіндік жұмыс процесіне орай икемдеу бағытын ұстанудамыз.


Жыл басында біз жарты жылдық жұмыс жоспарына орай ұжымды екі топқа бөлдік. Уақыт ағымы жылдамдықты талап ететін болғандық- тан, мүмкіндігімізді есептеп, жұмыла жұмыс істейтін іскерлерге үміт артамыз. Ең бастысы қолынан жұмыс келетін икемі бар мамандарға сенім артқан артық емес.


– Халықтың мəдениеті, өнерінің келешегі бүгінгі бүлдіршіндерге байланысты. Қаншама тапшылық дегенмен, халықтың ертеңін де ойлау керек қой.


– Біз бір емес, бірнеше ұрпақтан айрылған халықпыз. Өйткені бар жақсылықты өзгеден іздеп, басқаның бағасын көтеріп, өзіміздің асылымызды жоғалтып алдық. «Жоғалған ұрпақ» деп отырғаным өзгелердің мəдениетіне мойынсұнып, содан керемет дүние жоқ деп есептейтін, төл мəдениеттен мақұрым жандарды айтамын. Əрине, оларды сыртқа тебуге ешкімнің де хақысы жоқ, керісінше, ендігі бар мақсат əрбір сəбиге қазақтың рухын сіңіріп, қазақи сананы қайта қалыптастыруға арнағанымыз жөн. Ол үшін сəби санасына сілкініс əкелетін, əдемілік əлеміне, қасиетті дəстүріне, қазынасына жетелейтін кітаптарды көбірек шығару керек-ақ. Осындай мақсатпен баспа ба- лаларға арналған зергерлікті, ою-өрнекті, домбыраны үйрету жөнінде кітаптар дайындауда. Өкінішке орай, халыққа білім беру министрлігі бекіткен кейбір орта қол оқулықтардан гөрі, балаларға жақын осын- дай кітаптарды оқулық түрінде ұсынатын мезгіл жеткендей. Биыл баспадан шығатын кітаптың үштен бірі жастарға халықтық өнерімізді таныстыруға, олардың қазақи дүниетанымын кеңейтуге арналып отыр.


– Əрине, қазақ халқының мəдениеті, өнері, əдебиеті əлемдік дең-


 


гейге көтерілуі үшін өркениетті елдер мəдениетінің озық үлгілері- нен өнеге алу да керек. Баспаның осы бағыттағы жұмыс жоспары қандай?


– Біз өз өнеріміздің қай бағытта, қандай деңгейде дамып келе жатқандығын байқау үшін өркениетті елдердің озық мəдениетінен бас тартпауымыз керек. Осы мəселеге байланысты өткен жылы


«Өнердің ықшам тарихы» атты кітапты жарыққа шығардық. Əрине, осындай таралымы аз кітаптар бізге көп зиян əкелетіні сөзсіз. Де- генмен халқымыздың рухани дүниесіне пайдалы туындыларды өзге жақтан түскен табыс көзімен толтыру арқылы өз жыртығымызды өзіміз бүтіндеп отыруға тиістіміз. Əйтпесе қазіргі уақыт талабының мəдениетті өрісінен кемшін қалуымыз мүмкін. Сол сияқты дүние- жүзілік ұлы өнерпаздарды, олардың үлгілі өмірбаянымен байланысты туындыларды көптеп шығарып, халқымыздың өнері мен мəдениетін əлемдік дəрежеге көтерілуіне ықпал етсек, бұдан артық мақтаныш та болмас еді.


– Жекешелендіру қай салада болмасын дерлік бəрін қамтып отыр.


Осы мəселе баспада қалай жүзеге асуда?


– Өркениетті елдерде мемлекеттік баспалар саусақпен санарлық қана. Оларға жан-жақты жағдай жасалып, таза мемлекеттік бағыттағы кітаптарды шығарады. Ал басым көпшілігі əр түрлі меншіктегі қо- ғамдық болған баспалар ұлттық мүддеден де алшақтап кетпейді. Егер жекешелендіру болған жағдайда біз үшін бұдан қорқудың қажеті жоқ. Біздің республикадағы он шақты баспаларымыз қазіргідей мемле- кеттік деңгейде қала алмайды. Оны уақыттың өзі дəлелдеп отыр. Осы бар баспалардың өздерін сақтап қалу үшін олардың статустарын, құ- рылымын өзгерту қажет-ақ. Əйтпесе негізгі-негізгі деген баспаларды мемлекет өз қарамағына алып, қалған баспаларға еркіндік беруі де тығырықтан шығуға жетелейтін жолдың бірі. Егерде тұтастай еркіндік бермеген күннің өзінде жартылай меншікке немесе акционерлік қоғам- ға беру керек. Бұлай болмаған күнде жағдайымыз қазіргіден де ауырлап кетуі ықтимал. Ол үшін өздері отырған ғимараттарды, қағаз сақтайтын қоймаларды баспаның меншігіне берсе, олардың жағдайының жақ- саруына септігін тигізер еді. Аталған істердің ұйытқысы Қазақстан Республикасы Баспасөз жəне ақпарат министрлігі болғаны тиімді сияқты. Жалпы баспалардың атын емес, затын өзгерту – басты мəселе- нің бірі. Бүгінгі саудадағы тайталас заңында бұл халыққа да, мемлекет- ке де пайдалы болатыны сөзсіз. Басты мақсат табыс табу емес, халық-


қа қызмет көрсету деген қағиданы бағыт етіп алғанымыз дұрыс.


– Оқырмандардың үстіміздегі жылы «Өнер» баспасынан шығатын кітаптардан хабардар болғаны артық болмас...


«Өнер» баспасы мешін жылы өз оқырмандарына халықтың қасиет- ті дəстүрлерін жаңғырту бағытында: «Сүндет тойы», «Үйлену тойы»,


 


«Наурыз тойы», «Шілдехана» тағы басқа тың туындыларды ұсынады. Əрі ақын-жазушылардың күнделікті өмірінде кездесетін қағытпа, əзіл əңгімелер жинағы үш кітап болып жарық көрмекші. «Қазақ вальсі- нің королі» атанған атақты композитор Шəмші Қалдаяқовтың əндер жинағымен де оқырмандар осы жылы табысады. Əйтеуір «Өнер» баспасы өз оқырмандарына биылғы жылы рухани жағынан үлкен демеу көрсететініне сенімдіміз.


 


Сұхбаттасқан Ғабит Мүсіреп.


«Өркен» газеті,


1992 жыл


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу